KZ
RU
EN
Honoring The Past, Building The Future
А санатты бизнес-орталық
Deniz Park
Deniz Park — жаңа технологиялар мен жобалау стандарттарын қолдана отырып әзірленген және экологиялық тұрақтылық қағидаттарына сәйкес жасалған Қазақстандағы жетекші заманауи бизнес-орталықтың құрылыс жобасы.
Типі: А санатты бизнес-орталық
Орналасқан жері: Алматы
Жалпы ауданы: 47 160 м2
Жалға алуға болатын ауданы: 26 871 м2
Жобаның басталуы: 2020 жыл, қыркүйек
Жобаның аяқталуы: 2022 жыл, шілде
Паркинг: 392 орын
BREEAM сертификаты (ғимараттардың экологиялық тиімділігін бағалау): өте жақсы
26 871 м²
Deniz Park – жаңа технологиялар мен жобалау стандарттарын қолдана отырып әзірленген және экологиялық тұрақтылық қағидаттарына сәйкес жасалған Қазақстандағы жетекші заманауи бизнес-орталықтың құрылыс жобасы.
Аумағы 1,64 га болатын кешен әл-Фараби даңғылының архитектуралық ансамблінің ажырамас бір бөлігіне айналады. Ол Ботаникалық бақ пен ҚазҰУ аумағына жақын, ыңғайлы жерде орналасқан және жан-жақты ойластырылған жоспары бар.
Ғимаратта кең дәліз, жасыл желекті террассалар, ыңғайлы коворкинг алаңдары және бейресми кездесулерге арналған алаңдар бар. Кешеннің көркем аумағы айналадағы ландшафтпен тығыз байланысқан әрі үйлесімді. Deniz Park жоғары сапалы кеңістікте: демалу, сүйсіну және шабыт атмосферасында өмір сүруге және жұмыс істеуге тырысатындардың таңдауы.
Кешен жобасы BREEAM – ғимараттардың жұмысын экологиялық бағалаудың жетекші халықаралық жүйесіне сәйкес жасалған. Бизнес аумақта жұмыс істейтіндерге ең қолайлы жағдай туғызу үшін ең жаңа технологиялар мен құрылыс материалдары қолданылады. Deniz Park аумағындағы жайлылық, тұрақтылық және жан-жақтылық – болашақта бизнес-кешендерді жобалауда жаңа стандарт қалыптастырады.
1. Фитнес аймақтар, амфитеатр, супермаркет, асханалар, мейрамханалар және террассалы кафелері бар көптеген қосымша нысандар

2. Кездесулерді еркін атмосферада өткізуге болатын әдемі саябақ, бақтар мен жасыл желекке оранған әлеуметтік орындар

3. Жасыл желегі бар эко-дизайн

4. Автокөліктерге арналған жерасты паркингтері, электромобильдерге арналған зарядтау станциялары, велосипедтер тұрағы, жолаушыларды көлікке отырғызу және көліктен түсіруге арналған қолжетімді аймақтар, автотұрақ қызметі
5. Шу деңгейін төмендету және визуалды таза кеңістік құру үшін жертөлелердегі трансформаторлық қосалқы станция және генераторлар

6. Микробқа қарсы материалдар және зарарсыздандыру

7. ауаны тазартудың жетілдірілген шешімдері: салқындатылған төбелер, тазарту жүйелері, желдету қондырғылары және F9 класына арналған ауа сүзгілері

8. Контактісіз басқару жүйелері, ғимараттарды басқару жүйелері және сантехника